15.10.2024, 23:00
Оқылды: 24

Теректілік ардагер спортшы «Еңбек даңқы» төсбелгісіне ие болды

Қазақстанның кәсіптік одақтарының күні облыстық деңгейде кең ауқымда аталып өтті.

4 (1)

Кәсіподақ белсенділері мен ардагерлерін марапаттау кешінде «БҚО Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы мерекемен құттықтап, еңбектеріне жеміс пен толағай табыстар тіледі.

Салтанатты іс-шарада «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалі, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының алғысхаты, БҚО Кәсіподақтар орталығы төрағасының Алғысхаты және салалық кәсіподақ жетекшілері ұсынған марапат иегерлері мадақталды. Теректілік ардагер спортшы Өтеген Мүбәрак та аталмыш жиынға қатысып, «Еңбек даңқы» төсбелгісіне ие болды.

Ақтілек Әлібек,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале