21.02.2026, 11:30
Оқылды: 38

Теректілік ардагер спортшы жеңіс тұғырында

Жуырда Орал қаласында Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл толуына орай ұйымдастырылған ардагерлер арасындағы шахмат және дойбы турнирі өтті. Жарысқа 30-дан астам ардагер қатысты. Ашылу салтанатында «Орал» спорт клубының директоры О.Гилымов пен Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Габделов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

60fb73f2-846f-4971-8d75-85bc47a5ae55

Жарыс нәтижесінде теректілік ардагер спортшы Өтеген Мүбарак дойбыдан бірінші орынға ие болып, аудан абыройын асқақтатты. Бұл жеңіс – оның табандылығы мен ұзақ жылдар бойы спортқа деген адалдығының жемісі.

Бұл жарыс тек спорттық дода ғана емес, сонымен қатар ардагерлердің рухын көтеріп, жас ұрпаққа үлгі боларлық маңызды шара болды.

Майра Нұрымжанқызы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале