Волейболдан қырық жастан жоғары ардагерлер арасында Тасқала ауданының ашық біріншілігі өтіп, жерлестеріміз жеңіспен сүйіншіледі.
Орал қаласының, Жаңақала, Тасқала аудандарының командаларын айқын басымдықпен ұтқан теректілік ардагерлер ашық біріншіліктің жүлделі 1-орынын қанжығасына байлады.
Сонымен қатар Бекежан Жүсіпқалиев «Үздік байланыстырушы» аталымын жеңіп алды.
Ақтілек Әлібек,
Теректі ауданы,
zhaikpress.kz