Теректі аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың қатысуымен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арналған жаңажылдық кеш өтті.
Әлия Биғазықызы құттықтау сөз сөйлеп, балалармен бірге шыршаны айналды. Олардың риясыз күлкісі, таң тамаша болғандары жүректі елжіретті.
Барлық бала бақытты болуға, ғажайыптарды көруге тиіс. Осы орайда баршамыз үшін бұл ерекше әсерге толы болды.
Айта кетейік, 2025 жылды қарсы алуға арналған шырша думанына 140 бала келеді деп жоспарланып, 65 бала қатысты.
Балақайларға мерекелік кейіпкерлер қатты ұнап, олармен би билеп, ән де салды. Аяз атаға тақпақ айтып, дорбасынан тәттілерді алды.
Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы