15.06.2021, 18:21
Оқылды: 34

Теректілік депутат аудандық газетке қолдау көрсетті

Бүгінгі таңда Теректі аудандық газетіне жазылу науқаны жүріп жатқандығынан теректіліктер хабардар. Ғаламтордың дүрілдеп тұрған кезеңінде тарихтың куәгері іспетті, халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізіп жүрген "Теректі жаңалығын" қолдаушылардың саны күн санап артып келе жатқандығы қуантады.

 МИРХАТТТТ00

Теректі аудандық мәслихаты депутаты, "Жұмашев" шаруа қожалығының басшысы Мирхат Жұмашев мәрттік танытып, ауданымыздағы аз қамтылған 20 отбасыға аудандық газетті өз қаржысы есебінен жаздыртып берді.

Маңдай термен тапқан табысын газетті қолдауға ұсынып, сол арқылы халықтың ресми ақпаратпен қанығуына жағдай жасаған Мирхат Қажғалиұлының бұл әрекеті мақтауға лайық.

Қожалық басшысының игі ісі аудандағы өзге де кәсіпкерлерге қозғау салып, "Теректі жаңалығын" қолдаушылар легі сөз жүзінде емес, іс жүзінде артады деп сенеміз.

 

Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале