7.10.2019, 18:00
Оқылды: 54

Теректілік депутаттар аудандық газетті қолдады

Басылымға жазылу науқаны аясында Теректі аудандық мәслихат аппараты ұжымы аудан әкімі Әділ Жоламановтан ауданның төл газетіне жазылу эстафетасын қабыл алды.

IMG_0224

Аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев және депутаттар бастаманы қолдап, «Теректі жаңалығы - Теректинская новь» қоғамдық-саяси газетіне ұжым болып жазылды.

 - Ауданның газетін біздер, халық қалаулылары науқан сайын қолдаймыз. Әрбір нөмірдегі мақалаларды оқимыз. Бүгін біздер аудандық, облыстық басылымдарға жазылып отырмыз,- деді мәслихат депутаттары.

IMG_0273

Аудандық мәслихат аппараты мен депутаттар эстафетаны жалғастыруды Теректі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және экономика және қаржы бөліміне жолдады.

Аягөз Айтқалиева

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале