25.10.2024, 20:42
Оқылды: 50

Теректілік Еңбек ардагерін құттықтады

Бүгін Теректі ауданының мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жандос Сұңғатов еңбек ардагері Ерболат Қонқашевтің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың алғысхатын табыстаған топ Теректі ауданының Құрметті азаматына жылы лебіздерін білдірді.

InShot_20241025_204132017

– Аудан дамуына сүбелі үлес қосқан ағамыздың Теректі топырағы үшін төккен маңдай терін ұмытуға болмайды. Сіздердей ардагерлердің жас ұрпаққа айтар кеңесі, ақылы ауадай қажет. Елдің ортасында есен отырыңыз. Деніңіз сау, күніңіз шуаққа толы болсын, - деді Әлжан Жақсыгерейұлы өз сөзінде.

Ерболат Мақсотұлы – әр жылдары ауылдық округтердің әкімі болып, мемлекеттік қызметте ел үшін аянбай іс қылған жан. Ардагер өз кезегінде ауданымыздың билік тізгінін ұстаған азаматтарына алғысын жаудырып, ақ батасын берді.

–Көңіл ғой. Үлкендерді естен шығармай, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғыс айтамын. Республика күні – ел үшін маңызды ұлттық мереке. Мереке қарсаңында қазағыма тек бейбітшілік тілеймін, - деді еңбек ардагері.

Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале