28.09.2024, 15:30
Оқылды: 202

Теректілік еңбек ардагерлері төрге шықты

Жыл сайын өзгеше леппен келетін мереке – халқымыздың экономикалық және әлеуметтік саладағы жетістіктеріне арналған Еңбек күні!

FB_IMG_1727510964079

Қыркүйек айының әр соңғы жексенбісі аталып өтетін аталмыш мерекеге орай Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова әр салада аудан дамуына зор үлес қосқан бір топ еңбек ардагерін қабылдады.

FB_IMG_1727510980141

Жанға жылы қабылдауда Әлия Биғазықызы:

–Адал еңбекпен еліміздің экономикасының қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай әлеует жасаған аға буынның жанқияр еңбектерін атап өткім келеді. Әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсеттіңіздер. Отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық тілеймін,- деп, мереке иелеріне алғысхат табыстап, гүлшоқтарымен қоса естелік сыйлықтарды тарту етті.

FB_IMG_1727510977783

Құрметке бөленіп, сан жылғы еңбектері үшін еленген жан қатарында ауыл шаруашылық бөлімін басқарған Ғұсман Қатабаев, "Батыс Қаз АЭК" ЖШС басшысы болған Михаил Костюков, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде еселі еңбек атқарған Любовь Лымарева, балалар кітапханасының меңгерушісі болған Гүлнара Әубәкірова, "Сябры" этно-мәдени қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мария Плетеная, мәдени-демалыс орталығының бас есепшісі Галина Природа, аудандық аурухана физиокабинетінің медбикесі Күләнда Рақымова, Федоров №1 жалпы орта білім беретін мектебінің еңбек ардагері Любовь Журавская, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Венера Шин, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің күзетшісі Болат Жақыбаев, "Шарақап" шаруа қожалығының жұмысшысы Игорь Волков, жер қатынастары бөлімінің мамандары болып, бейнеттерінің зейнетін көріп отырған Зинаида Петченко мен Павел Беляк бар.

FB_IMG_1727510970206

Олар аудан басшысына алғыстарын айтып, естеліктерімен бөлісті. Өз кезегінде Күләнда Бақтығалиқызы ардагерлердің маңдай терін, қарқынды ісін ұмытпаған аудан әкімдігіне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ 6 қазанда өтетін ел үшін маңызды референдумға үн қосатынын айтып, өзге әріптестерін де шақырды.

Ақтілек Әлібекұлы,

Теректі ауданы

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале