9.08.2021, 9:37
Оқылды: 229

Теректілік футболшылар чемпион атанды

Орал қаласында дәстүрге айналып үлгерген "Ақ бидай" VII облыстық ауыл спорты ойындары өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Спорттың 13 түрін қамтитын додаға барлық аудандар мен облыс орталығынан командалар қатысқан.

FB_IMG_1628408756772

Аталмыш спорт додасында теректіліктер де төбе көрсетіп, аудан намысын лайықты деңгейде қорғады. Соның ішінде шағын футболдан Теректі ауданы командасы қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

Теректілік футболшылар Қаратөбе командасымен тең түсіп, одан кейін Бөкей ордасы командасын 4:1 есебімен ойсырата ұтқан. Үшінші ойында Тасқала ауданы командасын 2:0 есебімен тізе бүктіріп, финалға берілер жолдаманы Бөкей ордасы командасымен сарапқа салады. Нәтижесінде, теректілік футболшылар қарсыластарын 4:3 есебімен жеңіп, финалда Жаңақала ауданы командасын 1:0 есебімен қапы қалдырған.

Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале