Теректі аудандық Достық үйінде аудан әкімі Әділ Жоламанов қаржы саласында қызмет атқарып жүрген бірқатар азаматты қабылдады.
Аудан әкімі төл теңгенің шығу тарихы туралы сөз қозғап, аудан қаржыгерлерін марапаттады. Әкімнің алғыс хатына ие болғандардың қатарында аудан бойынша кірістер басқармасының ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің басшысы Галина Зайкина, басқарманың бас мамандары Сергей Бузынник, Арман Нұрымов, аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы Сәбира Томпишева, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Құндыз Сайтмухаева және «Халық банк» АҚ аудандық филиалының кассирі Айгүл Сәрсенғалиева бар.
Кездесу аясында қаржыгерлерді төл мерекемен қаржы саласының ардагері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәлім Қоқашев құттықтады.
Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!