Қоғамда жақсылықты жарнама үшін емес, жан қалауы үшін жасайтын атымтай жомарттар баршылық. Көңілі жабырқап, өмірдің тауқыметін тартқан, дегенмен қиындыққа сынбаған мүмкіндігі шектеулі адамдарға талай жомарттар көмегін көрсетіп, тасада қалып жатады.
Сондай жанның бірі – Теректі ауданы Шаған ауылдық округіне қарасты Жаңа Өмір ауылының тұрғыны, кәсіпкер Суюнғараев Аманжол мен жолдасы Разия. Олар ауылдағы мүмкіндігі шектеулі бір жасқа қолдау көрсетіп, оған алдағы уақытта білім алу және болашағын дамыту үшін соңғы үлгідегі ноутбук сыйлады.
Жасаған жақсылықтарын жаһанға жариялаудан бас тартқанымен, біз осындай кәсіпкерлерді өзгелерге үлгі еткіміз келеді. Тек өзіме ғана болсын демей, ауылдасын қолдап, сауапты іске кенелген жомарт жанның бұл ісіне Алла разы болсын дейміз.
Әділет Әлібек,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz