14.08.2025, 9:30
Оқылды: 540

Теректілік көркемөнерпаздар гастрольдік сапарда

Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздар ұжымы «Нұрберген» және «Ақжайық» шипажайының демалушыларына арнап концерттік бағдарламасын ұйымдастырды.

WhatsApp Image 2025-08-13 at 18.49.21 (2)

Өнерпаздар көрерменге мәдени-рухани кеш сыйлады. Өнерімен танылып, талай талантты түлеткен Теректі – киелі өлке. Талант иелері мекендеген, тектілердің мекеніне айналған аудандық мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздар ұжымының ұйымдастырған ән кешіне демалушылар көптеп жиналды. «Теректі – асыл мекенім!» атты мерекелік кешінің көрермендері Айдын Серікқали, Оразәли Тасқалиев және Айбек Дәулетқалиев сынды орындаушылардың өнеріне тәнті болды. Демалушылар «Ойға аласың ба?», «Жүр жанымда», «Ақмешіттегі ақ жеңгем» әндері мен орыс әндерінен попурри тыңдап, әдемі сәттердің куәгері болды. Салтанатты кеш Данияр Рақымғалидың орындауындағы Шәмші Қалдаяқовтың әнімен аяқталып, өнерпаздар көрермен ықыласына бөленді.

WhatsApp Image 2025-08-13 at 18.49.21 (1)

Шипажай демалу шыларына жайдарлы көңіл күй сыйлаған көркемөнерпаздарға халық риза болды. Достық пен ынтымағы жарасып, ізгіліктің нұры шашылып, көк байрағы желбіреген, абыройлы да айбынды, рухы биік туған жердің тұғыры биік болсын. Демалушылар шипажайға тән ем алу үшін келгенімен, орындалған әндер жүректі тербеп, руха ни әрі мәдени демалыс сыйлап, жанды емдегені анық.

 

 Қ. Саясатова,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале