Теректі ауданында тағы екі ана ерекше құрметке бөленді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №645 Жарлығына сәйкес аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова «Күміс алқа» алқасын подстепныйлық Саида Әжмұратова мен теректілік Айзат Талиеваға табыстап, гүлшоқтарын тарту етті.
Көпбалалы аналарды шын пейілмен құттықтаған Әлия Биғазықызы «Алтын алқа» алқасына жетіп, ұрпақ қызығын көріңіздер деген тілегін айтты.
Өз кезегінде ана бақытын жүрекпен сезініп, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын алқалы аналар аудан басшысына алғыс жаудырды.
Ақтілек Әлібекұлы
Теректі ауданы