Теректі ауданына қарасты Федоров ауылдық округіндегі «Арлан» шаруа қожалығы балық өсірумен айналыспақшы.
2017 жылы құрылған қожалықтың басшысы Әлібек Сахиповтың айтуынша, балық шаруашылығын жүргізу өзен-көл қоршаған Теректі үшін өте қолайлы. Қожалық орналасқан жерден қашық емес «Корейский» деп аталып кеткен тоған бар. Шаруа сол тоғанға күні кеше 5600 дана мөңке мен тұқы жіберді.
Жайдарлы жаз басталысымен аудан тұрғындары және қонақтары өзен-көлдің жағалауына асығады. Сол кезде қожалықтан арнайы рұқсатнама алып, одан кейін барып балық аулауына толық мүмкіндік алады. Әлібек енді қолға алған бұл жұмысының қарыштап дамып кетуіне уақыт керектігін айтады.
Әділет Әлібекұлы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz