9.05.2021, 15:13
Оқылды: 27

Теректілік майдангерді құттықтады

Жеңіс мерекесі күні Подстепное ауылында тұратын аудандағы жалғыз майдангер Александр Этмановқа арнайы топ  барып, салтанатты түрде құттықтады.

 этманов (1)

Елдегі санитарлық-эпидемиялық ахуалға байланысты қасиетті мерекені ел болып, дәстүрлі түрде атап өтуге шектеу қойылды. Сондықтан да, барлық санитарлық тәртіпті сақтай отырып, Жеңіс сарбазына құрмет көрсеткен топты бастап барған Подстепное ауылдық округінің әкімі Сержан Мадиев Александр Романовичке Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғали Есқалиевтің, Теректі  ауданы әкімі Арман Өтеғұловтың атынан құттықтау хаттар табыстады.

18 жасында қан майданға аттанған Александр Этманов ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденінің иегері, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

От пен оқтың ортасынан аман оралып, қираған шаруашылықты қалпына келтіруде тер төккен майдангер құттықтай келген жерлестеріне алғыс айтты.

Барша қазақстандықтарды Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен шын жүректен құттықтаған ол: «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» деген тілегін жолдады.

 

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале