Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтының мәртебесін арттыру, ата-аналардың балалардың, соның ішінде мүгедектігі бар балалар тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Қарлығаш, әр үйге бақыт ұяласын» байқауында теректілік Молдахметовтер отбасы 12 ауданның қатысушылары ішінде топ жарып, бас жүлдені жеңіп алды.
Жеңіспен сүйіншілеген әулеттің отағасы Ерлан Молдахметов Аңқаты ауылдық округінің әкімі болған. Ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу, су жүйелерін жаңарту және мектеп пен әлеуметтік нысандарды қолдау секілді бастамалары ауылдың дамуын едәуір ілгерілеткен. Ерлан Қайыпқалиұлының жетістіктері ауылды көркейтуге бағытталған көптеген жобаларда көрініс тапты. Оның еңбегі үшін бірнеше рет облыс және аудан деңгейінде алғысхаттар мен марапаттарға ие болған.
Шаңырақ ұйытқысы Майра Тайпанова «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған һәм «Батыр ана» атағын алған. Сондай-ақ 1-және 2-дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған. Ұл-қыздары да ата-ана үмітін ақтаған саналы ұрпақ.
Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы