29.05.2025, 23:00
Оқылды: 246

Теректілік оқушылар шеберліктерін шыңдады

Бүгін Барбастау турбазасында Теректі ауданының 20 жалпы орта білім беру мектебінен 141 жасөспірім оқу-далалық жиынға қатысып, өздерінің әскери дайындығы мен ұйымшылдықтарын көрсетті.

image-29-05-25-07-07-1

Бүгінгі салтанатты оқу жиынына аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Темиров, аудандық білім бөлімінің басшысы Мирас Сапарғалиев, Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы полковник Жақсылық Айтбаев, Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Руслан Шарипаев және подполковник Кадырбек Бегманов қатысты.

image-29-05-25-07-07-2

Жиын барысында қатысушылар әскери спринт, граната лақтыру, белтемірге тартылу, АК-74 қаруын шашып-жинау, оқжатарды жарақсыздандыру сияқты әскери-практикалық тапсырмаларды орындап, өз шеберліктерін шыңдады. Оқу-жаттығу жиынында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Баубекұлы шараға қатысушылареа сәттілік тіледі. Бұл іс-шара жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеріп, Отан алдындағы борышына деген жауапкершілігін арттыра түсті.

image-29-05-25-07-07-7
Сонымен қатар оқу-далалық жиынның жоғары деңгейде өтуіне ауданымыздың 20 жалпы орта білім беру мектебінен келген алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары белсене атсалысты.

image-29-05-25-07-07-4

Олар жасөспірімдердің саптық дайындығын, әскери тапсырмаларды орындауын үйлестіріп, әскери-патриоттық тәрбиенің тәжірибелік жағын тиімді ұйымдастырды.

image-29-05-25-07-07-3

Темірболат Тоқмамбетов
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале