Бөкей ордасы ауданында ел Тәуелсіздігінің 30, Бөкей хандығының 220, Жәңгір хан атындағы мектептің 180 жылдығына орай өткізілген «Бөкей ордасы – қасиетті, құт мекенім» атты облыстық домбырашылар байқауында Теректінің жеңіс қоржынына тағы бір жүлде салынды.
Сейтектің төкпесімен тербеліп, Құрманғазы домбырасының дүбірі, Дәулеткерей күйлерінің күмбірімен шайқалған Бөкей ордасы төрінде домбыра додасына түсуге өзіне сенімді, он саусағы ор киіктей ойнаған домбырашы ғана тәуекел етсе керек-ті. Теректілік домбырашы Оралхан Темірғалиев сондай жан.
Хан ордасы төріндегі өнер сайысында ол танымал күйші Асылхан Қазиев төрағалық еткен қазылар алқасы шешімімен ІІІ орын иеленді. 17 домбырашының ішінен суырылып шығып, жүлделі болған Оралханның жұлдызды сәттері көп болсын дейміз.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz