Жуырда Орал қаласындағы Батыс Қазақстан индустриялды колледжінде жалпы ұстаздар арасында ұлттық спорт түрлерінен асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ және пневматикалық винтовкамен ату мен автоматты жартылай бөлшектеп шашып, жинау сайысынан республикалық турнир өтті.
Дүбірлі доданың ашылу салтанатында сөз алған Тәжік-Ауған қақтығысының ардагері, Батыс Қазақстан әдістемелік орталығының АӘжТД әдіскері Мейірлан Нұрқанов барша қатысушы спортшыларға жылы лебізін білдіріп, жеңіс тұғырынан көрінуге сәттілік тіледі.
Республикалық жарысқа Орал облысына қарасты барлық аудан спортшылары қатысып, өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар Теректі ауданының спортшылары да өз біліктіліктерін көрсетіп, жеңіспен оралды.
Атап айтсақ, теректілік Өтеген Мүбәрәк асық атудан жүлделі I орынды иемденіп, ұлттық ойынымыз асық ату спортын дамытуға үлес қосқан ерен еңбегі үшін «Алтын сақа» төсбелгісімен марапатталды.
Жарысқа қатысушы жүлдегерлермен жеңімпаздарға диплом, медаль табыс етті.
Кәусар Танабай
Теректі ауданы