7.05.2023, 20:24
Оқылды: 71

Теректілік шабандоз - жеңімпаз!

Бүгін Деркөл кентінің Сарыарқа шағынауданында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты ұлттық спорттық ойындардың ашық біріншілігі ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2023-05-07 at 18.19.14

Жарыстың ашылуына БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа Орал қаласы мен өңір аудандарынан келген шабандоздар қатысты. Қатысушылар топ бәйгеде 12 шақырымнан 10 айналым, құнан жарыста 6 шақырымнан 5 айналым шауып өтті.

WhatsApp Image 2023-05-07 at 18.19.18

Мақтанарлық жайт, топ бәйгеде Теректі ауданының асығы алшысынан түсіп, жеңімпаз атанды. Нақтырақ айтсақ, Ермек Бауыржан есімді шабандоздың "Стивен Бой" атты тұлпары оқ бойы оза шауып, тұғырдың ең биік сатысына жайғасты.

Айта кету керек, аталмыш жеңіс Ақсуат ауылындағы "Кубаев" шаруа қожалығының қолдауымен ашылған ұлттық спортты насихаттайтын кешеннің жұмысымен тікелей байланысты. Өткен жылдың қазан айында Ақсуатта ат спорты кешені ашылып,  ауданда көкпаршылар құрамасы да жасақталған еді. Жүйелі жұмыс нәтижесін береді деген -  осы. Қожалық жетекшісі Сержан Таңқашұлының тікелей қолдауымен  атқарылып жатқан жұмыстардың жемісі әлі алда деп сенеміз.

 

Әділет  Орынбасар,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz  

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале