17.04.2021, 12:48
Оқылды: 29

Теректілік спортшы Александр бағбанға айналды

Теректі ауданындағы саяжай кооперативінің иеліктерін аралаған кезде жер емген жандардың еңбекқорлығы таң қалдырды. 14 га жерді алып жатқан саяжайда 4-5 отбасы ғана бағбандықпен айналысып отыр. Көбі көкөніс салумен шектеледі. Дені қарт адамдар. Жер жыртып, еңбек етуге құлықты жастар сирек. Ал, Александрдың жайы бөлек.

20210417_124450

Жас та болса, бау-бақша өсірумен айналысуды жанына серік еткен Александр Сафонов - Орал қаласының тумасы. Подстепное ауылы маңында, «Факел» саяжайында жер өңдеп, бау-бақшамен айналысқанына 5 жыл болған. Қазір ауыл баласының ауласынан отырғызылған ағаш көре алмай жүргенде, қалалық жастың саяжайға көгерген егіп, пияз сатып, пайда көретініне сенудің өзі қиын. Александр саяжай ауласын алма бағына айналдырып та үлгерген. Жергілікті климатқа төзімді алма сұрпының сан түрін отырғызыпты.

Әңгіме барысында поуэрлифтингтен спорт шеберлігіне үміткер екенін де мақтанышпен айтып өтті. Тал егіп, жер өңдеуге жаны құмар көрінеді. Жұбайы екеуі 4 бала тәрбиелеп отырған жағдайлары бар.

20210417_124436

Бағбандықпен кәсіби тұрғыда айналысуды, жерін ұлғайып, техника алуды да армандайды. Алған бетінен қайтпаса, бірер жылда маусымында 10-20 тонна алма жинайтын кәнігі бағбан көршілерінен асып түсетінге ұқсайды.

Жақсылық Мергенұлы,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале