Спорт десе, ішкен асын жерге қоятын, дене шынықтыру пәнінің үздік ұстазы Өтеген Мүбәрәктың есімі теректіліктерге таныс. Әркез жарғақ құлағы жастыққа тимей, күндіз-түні тынымсыз еңбектенуден еш жалыққан емес, әсте. Жүйелі жұмыстан жүлделі жетістіктері де жетерлік.
Соның бірі, таяуда ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі, Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтында білімін жетілдірген болатын, сайып келгенде жүлде қоржыны тағы да бір сертификатпен толықты. Сонымен қатар «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы, Құрметті профессор М.Тасқалиевтың атынан «Дружба народов» төсбелгісімен марапатталды. Айтпақшы, жуырда Өтеген Ғабдолұлы шахматтан өткен облыстық шарадан жүлделі 3-орынға ие болғанын айта кеткен жөн.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz