Атырау қаласында грек-рим күресінен №2 БЖСМ-нің 2014-2015 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында қалалық ашық турнир өтті.
Оған Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларынан, ұзын саны 150-ден астам спортшы қатысты. Соның ішінде Теректі ауданының спортшылары да бақ сынады.
Сайып келгенде, А.Құдайберген, А.Әбуғалиев, Н.Бауыржан, Н.Ерғалиевтер бірінші орынды жеңіп алды.
Ал А.Аманқұл мен М.Кушумов екінші орынды еншіледі. Сонымен қатар А.Ұзақбаев үшінші орын тұғырынан табылды.
Жас ұландарды спортқа баулыған жаттықтырушысы Айдын Сүлейманов екенін айта кеткен жөн.
Самал Жамет
Теректі ауданы