Түркістан обылысына қарасты Төлеби ауданыныңда "Біз нашақорлыққа қарсымыз" атты ұранымен 2016–2017 ж.т, 2014–2015 ж.т және 2012–2013ж.т кіші жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен ашық облыстық турнирі өтті.
Жарысқа Қырғызстан және Өзбекстан мемлекетінің балуандары мен еліміздің Шымкент, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Мерке, Сайрам, Луговой, Төлеби секілді аудандарынан боз кілем шеберлері қатысты. Аталмыш додада Батыс Қазақстан облысының намысын қорғап барған Теректі ауданының грек-рим күресінің балуандары да өз өнерлерін ортаға салды. Үш жүз елуге жуық спортшы бақ сынаған аталмыш доданың нәтижесінде Алан Құдайберген (24 келі ), Айбар Абуғалиев (27 келі) пен Арлан Аманқұл (30 келі) жарыстың ең биік тұғырынан көрінді. Ал Ералы Тілепқали (32 келі), Нұрхан Бауыржан (44 келі), Ислам Жұмағалиевтер (48 келі) екінші орыннан көрінсе, 36 келіде өнер көрсеткен Арнұр Ұзақбаев пен 41 келіде белдескен Ислам Төлегенов үшінші орынды қанағат тұтты.
Жалпы командалық есепте Шымкент қаласы мен Сайрамнан келген командаларды алға салып Айдын Сүлейменовтың шәкірттері үшінші орынды жеңіп алды.
Т.Тоқмамбетов,
Теректі ауданы