Сүйінші ағайын! Жуырда теректілік жайдарманшылар тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді. Маусымашар 2025 жылдың республикалық қорытындысы бойынша «Виллаж» командасы Республикалық аймақтық Талдықорған лигасына жолдама алды. «Бикеш» командасы – JAIDARMAN JUNIOR эфирлік Алматы қаласына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Бұл – Теректі жастары үшін үлкен серпіліс. Аталған командалар республикалық деңгейде өнер көрсетіп, өздерінің талантын дәлелдеп келеді. Бұл жеңіс – тек жайдарманшыларымыздың емес, ауданымыздың ортақ қуанышы. Осы жетістікке жетуде жетекшілері Дастан Төлеген ерекше үлес қосып келеді. Жайдарманның жас таланттарын танып, оларды шыңдап және алға сүйреп, оларға үлкен белестерге жетелеуде еңбегі зор. Дастан Алтынбекұлына жайдарманшы командалардың биік шыңнан көрінуіне септігін тигізгені үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Жайдарманшыларымызға алдағы өтетін додаларда сәттілік тілей отырып, еліміздің үздік командаларының қатарынан көрініп, жарқын жеңістерімен қуанта берсін демекпіз.
Алтынбек Қайырғалиев,
Теректі ауданы,
zhaikpress.kz