Теректі ауданы жастары, еріктілері һәм жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың мамандары Ұлы Отан соғысының ардагері Нина Галкинаның шаңырағына барып, үй жұмыстарына, ауланы тазалауға жәрдемдесті.
Риза болған әжей ағынан жарылып, ақ батасын берді.
– Өзімді тамаша сезініп тұрмын. Еріктілер қатарынан табылғаныма көп уақыт болмады. Аз уақыт ішінде осындай қайырымды іске араласқаным үлкен жетістік болды. Алдағы уақытта ауыл үлкендеріне дәл осылай қолұшын созамыз,- деді теректілік жас Данияр Рақымғалиұлы.
Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы