6.06.2024, 12:30
Оқылды: 13

Теректілік жас бишілер республикалық байқауда жүлдегер атанды

Таланттарға жол ашқан республикалық «Өнер әлемі» байқауында хореография аталымы бойынша Теректі ауданының «Жұлдыз» үлгілі би ансамблі үмітті ақтады. Айталық, 8-10 жас аралығындағы кіші топтың бишілері балалар биін, яғни «Көңілді моряктар», 11-13 жастағылар «Желі тұтқындары» биін билеп, қола жүлдемен сүйіншіледі.

D38635C6-A227-4DFD-ACA1-43ABC9596E91

Республикалық додада үздік үштіктен көрінген жас дарындардың жетекшісі Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Жанар Тайшыбаеваның еңбегі зор.

Аталған аталымға қазылық еткен Островский атындағы орыс драма театрының балетмейстері, «Рондо» балалар балет студиясының жетекшісі Анастасия Поликарпова, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, «Назерке» халықтық би ансамблінің жетекшісі Ақмарал Тасболатова, «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері, Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, өнертану кандидаты Анвара Садықова «Жұлдыз» би ансамбліне жақсы баға беріп, болашақтарына сенім білдірген.

759C2ABE-5757-415E-9E36-7C5C526106C0

Енді кезекте жұлдызы жанған «Жұлдыздың» бишілері Татарстан республикасының астанасы Қазан қаласында өтетін байқауға дайындыққа кірісті.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале