Теректілік жастар әрдайым үлкенге құрмет көрсетуден, әдеп танытудан алда келеді. Еліміздің болашағы жастар десек, сол жастардың қоғамда өзіндік рөлінің қалыптасуы аса маңызды.
Міне, сол теректілік жастар 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай аудан бойынша 50 нәзікжандыға құрмет көрсетіп, мерекемен құттықтады.
«Анамен әлем әдемі» атты акцияны ұйымдастырушы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен «Теректі волонтерлары» тобы ауданымыз бойынша көп балалы аналарды, жалғызбасты әжелер мен мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарын мерекемен құттықтап, игі іс жасады.
Ақ жаулықты әжелер жастардың жақсылығына риза болып, баталарын берді.
Дана Рахымғалиқызы,
Теректі ауданы