7.07.2024, 11:00
Оқылды: 199

Теректілік «Жұлдыз» үлгілі би ансамблі Татарстанды дүр сілкіндірді

Татарстан астанасы Қазан қаласында балалар және жасөспірімдер арасында халықаралық «Арт-Содружества» байқауының жеңімпаздары анықталды.

Қазақстанның намысын қорғаған теректілік «Жұлдыз» үлгілі би ансамблі қатарынан екі бірдей жүлдені жеңіп алып, шетелдік өнер майталмандарын тәнті етті.

IMG-20240706-WA0072

Атап айтсақ, би ансамблінің үлкен тобы «Қазақ биі» аталымында қарсылас шақ келтірмей ГРАН ПРИ жеңіп алды. «Жұлдыздың» жеңісі онымен тоқтаған жоқ.

IMG-20240706-WA0071

Халықаралық байқаудың «Заманауи би» аталымында жұлдызды топтың аралас тобы І орынды жеңіп алып, қазақ елінің мәртебесін арттырды. Айта кету керек, заманауи биді бір уақытта ансамблдің бірден үш тобы, яғни бақандай 65 бала билеп, би мамандарының жоғары бағасын алды.

Теректінің жеңісі осымен де түгесілмеді. «Жұлдыз» үлгілі би ансамблі мүшесі, халықаралық ән байқауларының жеңімпазы Санжар Дәукенов «Эстрадалық ән» бағамы бойынша Қазақстанға жүлде әкеліп, байқаудың І орынын жеңіп алды.

Өнер байқауына Қазақстан және Татарстаннан бөлек, Ресей Федерациясының барлық қалаларынан өнер ұжымдары қатысып, кім мықтыны анықтағанын атап өткен жөн. Байқауға қатысушылардың барлығы дерлік жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері. Ел намысын үлкен сында жалғыз боп қорғаған Теректі өнерпаздарын айтулы жеңісімен құттықтаймыз!

Әділет Әлібек,

Теректі ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале