5.07.2024, 21:00
Оқылды: 268

Теректіліктер Астана күнін атап өтті

Арман қала Астананың туған күнін Теректі жұртшылығы да атап өтті. Аудандық мәдениет үйіне жиналған теректіліктер әсем әннің әуенімен тербеліп, күмбірлеген күйдің ырғағына қошеметті үдетті.

450008397_2635121476669730_6048917031787560527_n

Мәдениет үйіне қадам басқан ағайынды Астана қаласына арналған кітап көрмесі қарсы алды. Қаланың өткені мен бүгіні ұштасқан көрмеден әсер алып, тарихқа қаныққан жұрт әуезді концерттің көрермені болуға асықты. Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров құттықтау сөз сөйлеп, Елордамыздың әлем сахнасындағы орны туралы атап өтті.

Елжас Мағзом, Ислам Мұрат, Айбек Дәулетқалиев, Кәмшат Қадырғалиев патриоттық әндерден шашу шашса, оларды жас буын өкілдері жалғай кетті.

449790126_2635121316669746_8273686074992770892_n

Жалпы Теректі ауданы таң-тамаша етуден жалыққан емес. Мұның дәлелі басшылық құрамның Елорда күніне үн қосып, сахна төрінен табылуы еді.

450011539_2635121550003056_3813586246067168912_n

Нақтырақ айтсақ, аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Арман Сағидоллин вокалды-инструменталды аспаптар ұжымымен «Ұлыма ақыл» әнін әуелетіп, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды. Осылайша Теректі һәм облыс жұлдыздары сахнаға көтеріліп, мерекені мерекеге жалғады.

Әділет Орынбасаров

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале