1.09.2023, 15:00
Оқылды: 19

Теректіліктер Білім күнін атап өтті

Теректі ауданындағы қазақ мектебінде өткен Білім күні мерекесіне аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысып, оқушылар мен ата-аналарды, ұлағатты ұстаздар қауымын мерекемен құттықтады.

BAC4E0EE-339F-4CE9-BF4F-3A7B67D27AD7

Оқу жылын 342 оқушымен бастағалы отырған білім ордасының жетістіктері мен жеңістері көп. Ол жөнінде мектеп директоры Галина Құрматова кеңінен тізбелеп берді.

Облыстық бәсекелерде жеңіске жеткен ұстаздарды, атап айтсақ Ақмарал Қалбирова, Ардақ Омарова, Гүлфара Хамитова, Азамат Талиев, Эльмира Қазиханованы алғысхаттармен марапаттауды да ұмытпады.

BFC556D7-242D-4032-8E5F-403508D060AA

Салтанатты шарада ата-аналар сөз алып, ізгі тілектерін білдірді.

Өткен жылы мектеппен қоштасқан сегіз түлектің барлығы дерлік білім гранттарын жеңіп алған мектептің алар асуы түгесілмесі анық.

Әділет Зере

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале