31.05.2022, 15:14
Оқылды: 56

Теректіліктер боздақтарды еске алды

31 мамыр - елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Тәуелсіздік алған еліміздің Елбасы Н.Назарбаев 1997 жылы 31 мамырды - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп бекіткен болатын. Бұл күні бүгінгі ұрпақ әділетсіз саясаттың құрбаны болған жандарды еске алады. Биыл саяси қуғын құрбандарын еске алу шарасы жиырма бесінші жыл қатарынан өтіп отыр. Осы жолдан 100 мыңға жуық қазақстандық өтті, 20 мыңы атылып кетті. Аштық пен қудалау салдарынан миллиондаған адам шетінеп, халық саны күрт азайды.

IMG-20220531-WA0046

Теректі ауданында қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жапа шеккен 40 адам бар. Осы қаралы күні аудан орталығындағы Достық үйі алаңында еске алу жиыны өтті. Жиынға аудан әкімі Тілек Габдушев, ауданның құрметті азаматтары мен бөлім басшылары қатысты.

IMG-20220531-WA0049

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Білікбай Қазиқанов пен ауданның құрметті азаматы Василий Савченко қанқұйлы жылдар оқиғасы мен жазықсыз құрбан болған азаматтарды мәңгі есте ұстауға шақырды.

IMG-20220531-WA0055

«Жас әртіс» үйірмесінің мүшелері Фариза Есқайырова мен Абылай Мұрат С.Әбеновтың «Атылған оқ» өлеңін оқыды.

IMG-20220531-WA0057

Қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алған  бір топ теректілік  Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары монументіне гүл шоқтарын қойды.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале