29.01.2021, 14:24
Оқылды: 67

Теректіліктер де Елбасының алғысына бɵлендi

28 қаңтарда ҚР Парламентi Мəжiлiсi жəне мəслихат депутаттарының сайлауында басым дауыспен жеңiске жеткен «Nur Otan» партиясы Теректi аудандық филиалының белсендi мүшелерiне Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттар табысталды.

1 (59)

Жиынға партияның Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мирхат Ибраев қатысып, сайлауалды үгiт-насихат кезеңiндегi жұмысы үшiн партияластарға алғыс айтты.

- Биыл 10 қаңтарда ɵткен сайлау ерекшелiгiмен есте қалды. Партиялар арасынан "Nur Оtan" партиясы кɵш бастап, халық сенiмiне ие екенiн тағы да дəлелдедi. Партияның жеңiске жетуiне зор үлес қосқан, сайлауалды бағдарламаны теректiлiктерге түсiндiру жұмысын асқан жауапкершiлiкпен атқарған сiздерге ризамыз. Сайлауалды үгiт-насихат кезеңiнде барлық iс-шараның жоғары дəрежеде ɵтуiне атсалыстыңыздар. Алдағы уақытта да партияның Теректi ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттерді орындауда белсенділік танытатындарыңызға сенiмiм мол, - деп марапаттау рəсiмiн жүргізді.

1-1

Теректi ауданы бойынша Елбасының алғысына партияның 45 мүшесi ие болды. Олардың қатарында "Nur Оtan" партиясы атынан аудандық мəслихат депутаты атанған Əлжан Нұрғалиев, Мирхат Ибраев, Сержан Идиятов, Əдiлет Орынбасаров, Нұрсəуле Аткеева, Аманғали Бɵкенбаев, Шолпан Какижанова, Николай Сунцов, Мирхат Жұмашев, Эльмира Ɵтепбергенова, партиялық кадрлық резерв тiзiмiндегi 17 адам, сайлауалды штаб мүшелерi: Бақытжан Митанов, Үмiткер Орынғалиев, Саржан Ибатов, Гүлсiм Ерешева, Жанар Лекерова, Анар Балдақова, Аягɵз Айтқалиева, сенiмдi ɵкiлдерден: Мансұр Тɵлегенов, Ерлан Арыстанов, Зейл Мағзомов, Алия Масалимова, Ержан Кульниязов, белсендiлер: Əлiмжан Əкiмжанов, Ақжан Мерғалиева, Макка Мухсинова, Əсел Тулеева, Майра Шарипова бар.

 

Аяулым Бақтығали,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале