17.06.2024, 10:30
Оқылды: 93

Теректіліктер Құрбан айт мейрамын қалай қарсы алды?

Жер бетiндегi мұсылмандар үшiн қуанышқа толы мейрамқасиеттi Құрбан айттың алғашқы күнiнде Теректі аудандық мешiтіне жиылғандардың қарасы көп болды.

D0230483-4E3A-4D7F-8E00-23E5395DD415

Аудандық мешiттiң бас имамы Амантай Бақтығали жамағатқа Құрбан айт, бiрлiк-береке жайында уағыз айтып, құрбандық шалудыңүкiмi, шарттары және орындалу тәртiбiмен таныстырды.

Айт намазы оқылып болған соң, жамағат арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, құрбан шалуға кірісті. Жастар жағы аудандық мешіт пен «Аманат-Жайық» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған ұлттық ойындардан сайысқа қатысып, бақ сынады.

394E25F7-4F9A-40F0-B1F8-5DE17835D2F9

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Естеріңізге сала кетсек, биыл да елімізде құрбан шалу рәсімі оффлайн және онлайн форматта өтеді.

146DA4A0-666D-4232-A54E-1B175FD99A59

Ел азаматтарына, әсіресе, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында бұл рәсімді қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайты іске қосылды.

Аягөз Айтқалиева

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале