22.03.2022, 18:06
Оқылды: 27

Теректіліктер Наурыз мейрамын тойлады

Теректі аудандық әкімшілігі алаңында аудан жұртшылығы Наурыз мейрамын тойлады. Театрландырылған көрініс барысында Қыдыр ата қол жайып батасын берсе, әжелер жер-дүниені пәле-жаладан аластады. Ат үстіне мініп, домбырасын күмбірлеткен әнші Д.Жұмағалиев «Тайбурылдың шабысы-ай» деп әндетті.

FAA676C2-51A2-4FDF-8A7A-61E95E4675A1

Жиналған ауыл тұрғындарын Парламент Мәжілісінің депутаты Нариман Төреғалиев, аудан әкімі Тілек Габдушев, мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Барлық мекемелер көрмеге бұйымдарын қойып, наурыз дәмін ұсынды. Киіз үй ішіне де аудандық кітапхана ұжымы қолөнер мен археологиялық жәдігерлерден көрме ұйымдастырды.

D2353027-52B5-4A24-88FF-12EDD1C54FC5

Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлері де насихатталды. Соның ішінде қол күрес, арқан тартыс пен қой көтеру де бар. Қол күреске қатысқан он бес спортшының ішінен  Е.Ерғалиев І орын, Т.Қаналиев пен Ж.Жданов екінші, үшінші орынды бөліссе, арқан тартыста «Аққозы» командасы І орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, қой көтеру жарысында қойды 68 рет көтерген Е.Ерғалиев жеңіске жетіп, сол қойды қанжығасына байлады.

BC7E4498-C218-4251-88B9-EAD3CF081945

Мерекелік шара одан әрі ауыл сыртындағы жаппай көкпарға ұласты.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале