2.06.2024, 10:00
Оқылды: 68

Теректіліктер облыс бойынша үздік атанды

XVII жазғы Паралимпиадалық ойындары қатысушыларын қолдау үшін көру қабілеті нашар және тірек қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында дойбыдан облыстық чемпионат өз мәресіне жетті.

IMG-20240531-WA0088 (1)

Мақсатына жеткен чемпионат мүмкіндігі шектеулі жандарды спортпен және дене шынықтырумен белсенді шұғылдануға жұмылдыру, спорт шеберлігін жетілдіру, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға арналды. Аталмыш додаға аудан атынан алты спортшы қатысты. Облыстық чемпионаттың нәтижесіне келсек, әйелдер арасында шағатайлық Гүлзада Бисенова 1-орынды жеңіп алса, ерлер арасында подстепныйлық Халел Бекмұхамбетов жеңіске жетті. Қола жүлдені теректілік Иса Бекетов еншіледі. Шағатай ауылының мерейін асырған Сұңғат Айтаханов, Марат Ахметқалиев һәм Теректі намысын жықпаған Жасұлан Ғалиев мықтылар қатарынан көрінді. Жерлестеріміздің арқасында ауданымыздың спортшылары облыс бойынша үздік атанды.

-Спортшыларымыздың осы спорттық сайысқа қатысуын ұйымдастырған Теректі аудандық спорт клубының директоры Дастан Мырзағалиевке алғыс білдіремін. Олар мүмкіндіктерінің шексіз екендігін дәлелдеді,-деді «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Теректі аудандық филиал төрағасы Н. Мағзумова.

Ақтілек Әлібекұлы,

Теректі ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале