6.10.2023, 14:30
Оқылды: 27

Теректіліктер облыстан олжамен оралды

«Қайырымдылық» айы аясында «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 35 жыл толуына орай Орал қаласындағы «Үстел теннисі» орталығы, «Конденсат» спорт залы және П.Атоян атындағы стадионында мүгедектігі бар адамдар арасында облыстық фестиваль өтті.

IMG-20231006-WA0004

Мүмкіндігі шектеулі жандарды спортпен, дене шынықтырумен белсенді шұғылдануға жұмылдыру, спорт шеберлігін жетілдіру, спорт резервін дайындау, салауатты өмір салтын кенінен насихаттау — басты мақсат.

Бұл шара «Қол күресі», «Жеңіл атлетика», «Отырып ойнау волейболы», «Дойбы», «Үстел теннисі», «Асық ату» сынды спорт түрлерінен болды.

IMG-20231006-WA0005

Облыстық фестиваль нәтижесінде «Найза лақтырудан» подстепныйлық Қамбар Сәлімбаев І орынды алса, теректілік Тілеген Даужанов ІІ орынды иеленді. Айта кетейік, Тілеген «60 метрге жүгіруден» екінші орынды еншіледі. Сонымен қатар сарыөмірлік Дастан Досмурзин  «Ядро итеруден» І орын, ал «Диск лактырудан» ІІІ орынды қанжығаға байлады. Сондай-ақ Шағатай ауылының тұрғындары Сұңғат Айтаханов «Қол күресінен» ІІ орынды жеңіп алса, ал «Дойбыдан» Гүлзада Бисенова ІІІ орынды місе тұтты.

 Орал қаласы және облысымыздың 12 ауданының спортшылары қатысқан жарыста ауданның спортшылары облыс бойынша жалпы командалық есепте ІІІ орынға ие болды.

Назгүл  Мағзомова,

«Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы»

қоғамдық бірлестігінің Теректі аудандық филиал төрайымы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале