Теректі ауданында ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық санасы, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Шара барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Дамир Ғұмаров теректіліктерді мерекемен құттықтады.
-Рәміздер күні – елдігімізді айғақтайтын қастерлі мереке. Бүгінгі таңда еліміз даму жолына бағыт түзеп, өсіп-өркендеуде. Оның бәрі тәу етер Тәуелсіздіктің арқасы. Ал азаттығымыздың бір көрінісі – рәміздер екені айдан анық, – деді өз сөзінде.
Одан әрі мәдениет үйі өнерпаздары А.Шайхин «Көк тудың желбірегені», Қ.Сағидуллин «Отаным қазақ елі», Ш.Елжанова «Қазақстаным», А.Дәулетқалиев «Рәміздерім – қастерлім» сынды патриоттық әндерді шырқап, «Жұлдыз» үлгілі би ансамблі бимен көркемдеді.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz