16.08.2023, 14:45
Оқылды: 55

Теректіліктер спорт күнін атап өтті

 

Теректі ауылындағы орталық алаңда аудан халқы «Спорт күні» кәсіби мерекесін тойлады. Естеріңізге салайық, аталмыш мереке 2004 жылдан бері тамыз айының үшінші жексенбісі аталып өтіледі.

спорт (10)

Салтанатты шараға Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

- Салауатты өмір салтын ұстану әр адамның бұлжымас қағидасы болуы шарт. Спорт жаныңды жадыратып, еңсеңді тіктеуге, көңілді өсіріп, өмірді ұзартуға сеп. Аудан халқының 35 пайызы тұрақты түрде спортпен айналысып, бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып келеді. Жылдан жылға бұл көрсеткіш өседі деп сенемін. Ортамызда спорт саласының ардагерлері отыр. Жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеуде сіздердің үлестеріңіз мол, - деді Әлия Биғазықызы.

спорт (8)

Шара аясында спорт ардагерлері Баймолла Кувашев, Білікбай Құбайысұлы, Татьяна Хмарская, Абдулхамит Хамитұлы, Елубай Сұлтанғалиев, Серік Оңбаев, Серік Нұрғалиев және Нұрлан Иданұлы аудан басшысы атынан алғысхаттармен марапатталды.

спорт (2)

Аудан әкімінің алғысына бөленгендер қатарында Долин ауылдық округінің жастар жетекшісі, ресурстық орталық маманы Майра Шарипова, Теректі аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақ үйірмесінің жаттықтырушысы Гүлзада Бисенова, Подстепный №1 мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ләззат Темірғалиева, Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Темірлан Түркеев, Долин ауылындағы білім ордасының ұстазы Анар Қалауова, аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Жанар Бахтиярова және Подстепный ауылының тұрғыны, садақ атудан облыс чемпионы Жүзім Ғалымжанова бар.

спорт (6)

Салтанатта шарада республикалық ғылыми-әдістемелік «Спорт жұлдыздары» журналының редакция алқасының шешімімен «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен ауданға танымал спортшы, Теректі аудандық дене шынықтыру кешені директорының міндетін атқарушы Өтеген Мүбарак марапатталды. Спортшыға төсбелгені аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова табыстады.

спорт (5)

Спорт күніне арналған шараны аудандық мәдени-демалыс орталығы өнерпаздары әсем әнмен көркемдеді. Мерекеге орай орталық алаңда асық ату, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, гір тасын көтеру, волейбол, қол күресі және шағын футболдан бәсеке өтіп жатыр.

 

Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале