20.11.2024, 18:01
Оқылды: 15

Теректіліктер Жаңақаладан жүлдемен оралды

Теректі ауданының спортшылары қарқынға қарқын қосып, жетістіктерімен сүйіншілеп келеді. Апта сайын қоржынға салған жүлделерінен соң Теректі ауданының спорты жаңа тыныс алғанын байқайсың. Бұл басы екендігіне бек сенеміз. Осы орайда тағы бір мерейді өсіретін жетістік туралы айтқымыз келеді.

466352357_2759676334214243_8582471893603126358_n

Таяуда Жаңақала ауданы әкімінің жүлдесі үшін волейболдан ерлер командалары арасында аудандық ашық турнир өтіп, жерлестеріміз күміс жүлдемен оралды. Он команда ішінен жүлделі 2-орынға ие болған теректілік спортшыларды аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы Медет Назаралиев пен Подстепный жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Нұрлан Құсайынов бастап барды. Бас маманның айтуынша, әкім кубогі тартысқа толы өткен.

- Ойындар FIYB ережелері бойынша 3 партиядан өтті. Қай-қай команданың да мығым дайындықпен келгені көрініп тұрды. Бақ пен бап қатар шауып, осындай жүлдеге қол жеткіздік. Алдағы уақытта аудан спортшыларына серпін беретін жарыстарда бой көрсете бермекпіз. Ұйымдастырушы Жаңақала ауданының әкімдігіне, қолдап, сенім білдірген аудан әкімдігіне алғыс білдіремін,- деді ол өз сөзінде.

Сондай-ақ әдемі ойын өрнегін көрсеткен Теректі спорт клубының әдіскері Ербол Ералыұлы «Үздік шабуылшы» аталымын жеңіп алды.

Ақтілек Әлібек,

Теректі ауданы,

zhaikkpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале