14.05.2025, 9:45
Оқылды: 172

Теректіліктер жеңіспен оралды

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубының» ұйымдастыруымен тірек – қимыл аппараты және көру органдары зақымданған спортшылар арасында Батыс Қазақстан облысының спартикадасы өтті.

image-14-05-25-03-14

Жарыстың мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандарды бұқаралық спорт түрлеріне баулу. Облысқа қарасты аудан командалары мен Орал қаласының спортшылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

image-14-05-25-03-14-4

Спортшылар ядро итеру, ерлер және әйелдер арасында 200 және 100 метрге жүгіру, найза лақтыру, үстел теннисі, жеңіл атлетика, садақ ату, паууэрлифтинг, бочча сынды спорт  түрлерінен бақ сынады. Атамыш жарысқа Теректі ауданының да спортшылары қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.

image-14-05-25-03-14-6

Атап айтар болса, сарыөмірлік Руслан Бегналиев 200 метрге жүгіруден жүлделі орынды қанжығасына байласа, шағатайлық Гүлзада Бисенова ядро итеруден және найза лақтырудан екінші орынды иемденді. Ал, шағатайлық Марат Ахметқалиев үстел теннисінен үшінші орынға табан тіреді. Жарыс жүлдегерлері мен жеңімпаздарына диплом және алғыс хат табысталды.

Л.Халина,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале