7.03.2025, 19:00
Оқылды: 203

Терезеден қарап отыруға болмайды

Сырым ауданында көктемгі тасқынның алдын - алу шаралары басталды.

PHOTO-2025-03-07-15-32-11

Бүгін жымпитылықтар ауыл болып сенбілікке шықты.

Мекемелерде қызмет ететін тұрғындар қолдарына күрек алып Өлеңті өзенінің жағасындағы су шүмектердің ауыздарын, ауылішілік жолдардың астындағы суағарларды, Амангелді көшесінің бойындағы арықты қардан, мұздан тазалауда.

PHOTO-2025-03-07-15-46-38

Күннің күрт жылынуынан қардың еруін жеделдетіп жатқаны белгілі. Жымпитының басты көшелеріндегі қар техниканың көмегімен шығарылуда. Бүгін мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала мамандары коммуналдық мекемелердің еңбеккерлеріне, ақылы қоғамдық қызметте жүрген жандарға қол жәрдемін беруде. Еңбек адамына шынайы құрмет міне осылай іс жүзінде болғаны жарасады!

Терезеден қар аршыған адамдарға қарап, үйде жатуға болмайды. Айналаңызды қардан тазартып,  су жолдарының арнасын ашып, қам жасаңыз, ауылдас!

Б. Шерім, 

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале