28.11.2023, 21:55
Оқылды: 50

"ТЕРРА" малды жолдың арғы бетінен қабылдасын! - дейді бұландықтар 

Сырым ауданында ауылдық округ әкімдерінің ел алдындағы есептік кездесулері басталды.​

1eb77430-a7d6-400f-8787-871ab7690942

Кеше Бұлан ауылдық округінің әкімі Мұрат Әділгереев халық алдында ауылдың дамуы туралы баяндады. Жиналысқа Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты.

ecd89ff3-89ee-4f7c-b161-67fb17c824fe

Округте халықтың осал топтарына қолдау көрсету негізгі жолға қойылған. Әлеуметтік жағдайы әлжуаз жандарға үкіметтен бөлек, демеушілер де қарасуда. Мәселен, "Бұлан" шаруа қожалығы 7 жанұяның ауласына 60 бума шөп түсіріп берді. "Меңдібай" шаруашылығы бір үйді 50 бума мал азығымен қамтамасыз етті. 1 отбасына бұзаулы сиыр, тағы бір үйлі жанға 20 қаз сатып алып берілген. Үлгі боларлық бастама!​

Ел болғасын мәселелер де бар.​

Аудандық мәслихаттың депутаты, жергілікті тұрғын Серік Зиятов электр энергиясын үздіксіз тарату, жайылым көлемін арттыру, кіреберіс жол мен ауылішілік жолдарды асфальттау секілді мәселелерді көтерді.

4a712a04-fe3b-4d86-bf5d-e90df780a7e0

Қазіргі таңда Бұлан ауылында қостанайлық "ТЕРРА" ЖШС-нің мал қабылдау пункті жұмыс жасап жатыр. Мал тиеген ауыр көліктер олай да бұлай өтіп, ауыл көшелерін әбден бүлдірген. Ізінен көлік түгілі, адам жүре алмайды. - “ТЕРРАНЫҢ” пунктін жолдың екінші бетіне, ауылдан алыс жерге орналастыру қажет - дейді қария​.

Бұлан көшелеріне жарықшам да керек. Халықтың айтуынша, балалар мектепке электршаммен барып жүр.​

Жиынды аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов қорытындылады.​

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале