22.05.2023, 23:30
Оқылды: 22

Техникалық байқау жүргізіледі

Мал азығын жинау жұмыстарының басталуына байланысты техникалық, далалық өрт қауіпсіздігін сақтау және алдын алу мақсатында, тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға жыл сайын мемлекеттік техникалық байқау жүргізіледі, - деп хабарлайды Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

image-22-05-23-11-24
Осыған сәйкес, 2023 жылдың 19 мамырынан бастап бөлім қызметкерлері, ауылшаруашылығы және жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп ауылдық округтер бойынша техникалық байқау жұмыстарын өткізуде.​
Іс-шаралар барысында шаруа қожалықтарының басшылары және жұмысшыларымен өрт қаупі кезіндегі дала өрттерінің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.​
Жұмыстар 3 маусымға дейін жалғасады.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале