15.02.2022, 22:23
Оқылды: 13

Техникалық кеңес өтті

Кеше Казталов аудан әкімі Альберт Есалиевтің төрағалығымен техникалық кеңес өтті. Кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысы, дербес бөлім басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

IMG-20220214-WA0137

Техникалық кеңестің күн тәртібінде Қайыңды ауылындағы мәдениет үйі құрылысының жобасы қаралды.
Аудан тұрғындарының тарапынан ауданымыздағы құрылыс жұмыстарына қатысты сындар мен ұсыныстар айтылып жүр. Басым көпшілігі құрылыс нысандарының сметалық құжаттарына және құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысы жиі талқыланып жатады. Аудан әкімі тұрғындардың пікірін назарға ала отырып, өз бастамасымен техникалық кеңес өткізуді қолға алған болатын. Кеңесте қаралған жоба бойынша Казталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Әділжан Өтебаев мәлімдеме жасап, жобамен таныстырды.
- Жобалаушы «МұнайГаз Инжиниринг» ЖШС. 2021 жылдың 9 маусым күні «БҚО Казталов ауданы Қайынды ауылында мәдениет үй құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасына ашық конкурс жарияланды. Ашық конкурстың қорытынды хаттамасына сәйкес «МұнайГазИнжиниринг» ЖШС-мен №42 келісім шарт жасалынды. Жобаның соммасы 3 808,0 млн теңгені құрады. Мәдениет үйінің құрылысы бойынша бөлінген аумақта келесі ғимараттар мен құрылыстар орналасқан: олар 150 орындық мәдениет үйінің ғимараты, блокты-модульдік қазандық ғимараты, қоқыс төгетін жер, көлік тұрағы, КТПН, мәдени шара өткізуге арналған алаң. Жалпы аумағы 0,36 гектарды құрайды. Құрылыс аумағы 466 шаршы метр. Мәдениет үйінің ғимараты бір қабатты жертөлесіз, ұзындығы 21 метр, ені 14,5 метр, ғимараттың жотаға дейінгі биіктігі 7,50 метрді құрайды. Бірінші қабатта 150 орындық көрермен залы, кезекшілер кабинеті, кітапхана және ерлер мен әйелдерге, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дәретханалармен қамтылған, - деді Әділжан Тимурұлы.
Жиында талқыланған жоба бойынша ұсыныстар мен пікірлер ескеріліп шешім қабылданды. Техникалық кеңес алдағы уақытта да өз жұмысын жалғастыратын болады.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале