Сырым ауданындағы Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп балабақша-бөбекжай кешені ұстаздарының ұйымдастыруымен биылғы жылдың атаулы күндері ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туған күні және Тілдер күніне орай карантин ережелерін сақтай отырып, "Тіл – татулық белгісі" атты апталықтың ашылу салтанатын өткізді.
- "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл", - деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, ана тілімізді қастерлеуді ұрпақ санасына сіңіру – біздің борышымыз.
Осы орайда ұйымдастырған апталығымыздың әр күні ерекше өтеді деген сенімдеміз.
Жоспар бойынша, "Театр – өмір айнасы" атты қойылым, үш тілде ертегі, көріністер сахналанып, сыныптан тыс сайыстар да өткізілмек.
Апталықтың соңғы күнінде "Stand App" жобасы аясында "Ұстаздар, неткен ғажап халықсыздар?!", "Мектеп өмірі немесе бір күн" атты монолог жарысымен қорытындыланады. Аталмыш шараларға ұстаздар мен оқушыларды белсене қатысуға шақырамыз, - дейді Ж. Досмұхамедов атындағы мектеп балабақша-бөбекжай кешенінің кураторы Шаттық Лесбайқызы.
А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz