4.09.2025, 22:00
Оқылды: 422

Тілдер күніне орай Шыңғырлау ауданында мәдени шара өтті

Тілдер мерекесі – халқымыздың бай қазынасы мен ортақ құндылығымыздың мерекесі. Әр тіл – тарихтың үні, ұрпақтар сабақтастығының белгісі, ұлттар арасындағы достықтың дәнекері.

image-04-09-25-06-40-2

Қазақстан халқы тілдер күніне орай Шыңғырлау ауданында маңызды мәдени шара «Тіл – татулық тірегі» атты фестиваль өтті. «Дән» мәдениет үйінде өткен бұл шара түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, еліміздегі этносаралық келісім мен мәдени байланысты ұлықтауға бағытталды.

image-04-09-25-06-40-7

Фестиваль барысында ауданымыздағы ұлттық мәдени орталықтары өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Әр ұлттың киім үлгілері, ән мен би арқылы тіл мен руханияттың байлығы дәріптелді.
Шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев: «Тіл – ұлттың жаны. Мемлекеттік тілімізбен қатар, елімізде тұратын әр ұлттың өз ана тілін дамытуына жағдай жасалған. Бұл – Мемлекет басшысының салиқалы саясатының нәтижесі. Қазақстан халқы тілдері күні – бірлікті, достықты, өзара сыйластықты нығайтатын мейрам. Бұл мереке арқылы біз көпұлтты еліміздің рухани байлығын ұрпақ санасына сіңіреміз»,– деп атап өтті.

image-04-09-25-06-40-8
Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары әр саладағы тілдік дамуға өз үлестерін қосқан белсенді тіл жанашырларына Батыс Қазақстан облысы мәдениет,тілдерді дамыту және архив басқармасының басшысы Қуанышбек Мұқанғалиевтің атынан алғысхаттарды тапсырды.
Басқарма басшысының алғысхатымен, осы кезге дейін өзі басқарып отырған мекемедегі қызметкерлердің үнемі кітап оқуын қамтамасыз ету мақсатында бөлім қызметкерлері арасында «BOOK READ» жобасын іске асырып, бөлімнің ресми құжаттарының, кіріс шығыс құжаттарының қазақ тілінде жүргізілуін үнемі бақылауда ұстап, әріптестерімен тәжірибе алмасып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын мемлекеттік қызметте кеңейтуге атсалысып, бөлімнен тыс түрлі жобаларды жүзеге асырғаны үшін аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Айбек Исламбеков, «Тіл туралы» заңның 21 бабының орындалуы бағытында жергілікті кәсіпкерлермен аудандық жұмыс тобының қатарында белсенді қызмет етіп, Шыңғырлау ауданының көрікті жерлерінің тарихын мемлекеттік тілде орналастыру бағытында кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнату бағытында жұмыс жүргізгені үшін аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Рената Жәрдемғалиева марапатталды.

image-04-09-25-06-40-12
Әр мәдениетті азамат үшін өз отанын, өскен өлкесін, оның тарихын, мәдениетін, тілін білу парыз. Халықтың тарихын, мәдениетін, тілін, рухани байлығын білу – адамның халыққа деген құрмет сезімін оятады. Тіл қоғамның барлық саласында қызмет етеді.Шара барысында аудандық мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олжас Сейтимов:-Қандай мемлекет болмасын оның тілі — елдің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын бейнесі болып саналады. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі ғана. Сондықтан бүгінгі күннің еліміз үшін маңызы өте зор.Бұл күн – тек тіл мерекесі ғана емес, ел ішіндегі бірлік пен бейбітшіліктің де мерекесі,-деген құттықтауын жеткізді.Фестиваль аясында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен өткен "Тілім менің – ғасырлардың аманаты"атты эссе байқауының жеңімпаздары мен «Мен оқитын 30 кітап» облыстық байқауының жеңімпазы Айзере Жауымбай марапатталып, алғысхаттармен және естелік сыйлықтармен қуантылды.

image-04-09-25-06-40-6
Халықтық «Елім-ай» әжелер ансамблі мен ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілеріне бөлім басшысының атынан алғысхаттар табысталды.
«Березка» орыс ұлттық мәдени орталығының мүшесі Наталья Габдрахманова: «Біз қазақ елінде тату-тәтті өмір сүріп жатқанымызға ризамыз. Мен осы ауданда дүниеге келдім.Оқыдым.Еңбек жолымды бастадым. Мемлекет бізге өз мәдениетімізді сақтап, тілімізді дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Осындай шаралар – соның айғағы»,– деп өз ризашылығын білдірді.
Шара мерекелік концертпен жалғасып, түрлі ұлттың өнерпаздары татулық пен бірлікті ұлықтаған ән-жырларын тарту етті.
Қазақстан халқы тілдері күні – бейбіт елдің, тату қоғамның мызғымас негізі екенін тағы бір дәлелдеген ерекше күн болды.
Қазақстан – түрлі ұлт пен ұлыстың қасиетті бесігі, ортақ Отанымыз, бейбітшілік пен келісімнің мекені. Осы жылдар ішінде ауданымыздағы ұлттық-мәдени орталықтары рухани келісім мен достықты нығайтып, мәдениет пен дәстүрді ұлықтап, татулықтың алтын көпірін салып келеді.

Светлана Ешматқызы
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале