Құтқарушылар күніне орай облыс орталығында ұйымдастырылған жиында облыс әкімі Ғали Есқалиев №12 өрт сөндіру бөлімі мен №25 өрт сөндіру бекетінің басшыларына су жаңа көліктің кілтін табыстады.
Аудан әкімі Тілек Габдушев те Теректі ауылындағы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен жүздесіп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Содан кейін қиындығы мен қауіптілігі қатар жүретін жұмыста бірнеше гектар жерлерді жалмаған өртті ауыздықтап, халықтың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайтын өрт сөндіру саласы қызметкерлерінің еңбегін елеп, облыстық департамент және өзінің атынан алғысхатпен марапаттады.
Олардың қатарында №12 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Жасұлан Батырханұлы, №12 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғау аға сержанты Әбіл Амангелдіұлы, №12 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғау аға сержанты Тимур Темірханұлы, №12 өрт сөндіру бөлімі жүргізушісі, азаматтық қорғау прапорщигі Мұрат Фазылұлы болды.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы,
zhaikpress.kz