Сырым ауданының Тоғанас ауылдық округінде мемлекеттік қызметкерлер күніне орай әмбебап спорт алаңы ашылды.
Мерекелік шарада аудан әкімі Төлеген Төреғалиев тұрғындарды спорт алаңының ашылуымен құттықтап, ашылу рәсімінің лентасын қиды. Құрылыс алаңының жоба құны 14 млн.500 мың теңге. Атқарушы мердігері «Жайық Сити» ЖШС.
Шарада «Жайық Сити» ЖШС басшысы Мереке Молдағалиев мектепке қос доп сыйласа, ауылдың теңбіл доп шеберіне форма сыйға тартты.
Шара соңында шағын футболдан мемлекеттік қызметкерлер арасында жолдастық кездесу өтті.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz