19.11.2025, 13:00
Оқылды: 79

Тоғанаста қоныстой болмақ

Кейінгі жылдары Шолақаңқаты ауылдық округінде құрылыс саласы қарқын алып келеді. 

PHOTO-2025-11-18-10-21-48

Таяу жылдары мәдени спорт кешені салынып, пайдалануға берілді. Округ әкімі Ерлан Журалиевтің айтуынша, биыл Тоғанас ауылында 8 пәтерлі 4 үй бой көтерген.

Баспаналар аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімімен сатып алынып, құжаттары «Отбасы» банкіне табысталмақ.

Ауылдың көшесін түзеп, еңсесін тіктеген жаңа үйлерде қоныстой болатын күн жақын.

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале